Posted on

Республикалық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің «Құбылмалы әлем үшін жаңа құзыреттіліктер» тақырыбы бойынша панельдік сессиясы

2017 жылдың 21-тамыз күні «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» республикалық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында ҚР БжҒМ техникалық және кәсіптік білім беру департаментімен біріге отырып «Құбылмалы әлем үшін жаңа құзыреттіліктер»  тақырыбы бойынша білім беру қызметкерлеріне арналған секциялық отырыс өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Секциялық отырыс барысында Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің өкілдері, облыстық және Астана, Алматы қалалары Білім басқармалары мен ТжКБ бөлімдерінің, Холдингтің базалық және әріптес колледждерінің, оқу-әдістемелік бірлестіктердің басшылары қатысты.

Секцияны өткізу барысында оқулықтарды, оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік оқу құралдарын, Холдинг дайджесттерін, WorldSkills стандарттары мен сипаттамасы және ТжКБ оқу-әдістемелік бірлестіктері әзірлеген оқу құралдарын таныстыру үшін арнайы көрме ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отырыстың жұмыс барысында келесі баяндамалар тыңдалды:

  • «2017-2018 оқу жылына дайындық барысы» туралы техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Оспанова Н.Ж.;
  • «Медиация: білім беру саласында тартыстарды шешудің тиімді жолы» баяндамасын Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі медиация секторының меңгерушісі Өсіпбекова Ж.Ж. таныстырды;
  • «Жаңғырту 3.0» жаңа экономикалық модель бойынша білікті кадрларды даярлау» бойынша ҚР БжҒМ ТжКБ департаментінің әріптестік және халықаралық жобалар Басқармасының басшысы Ширгатова Р.Р. сөз сөйледі;
  • «Баршаға тегін кәсіптік білім беру» жобасын іске асыру» бойынша баяндаманы Ақмола облысы білім басқармасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Садуақасова Б.С. таныстырды;
  • «Шығыс Қазақстан облысында «Баршаға тегін кәсіптік білім беру» жобасын іске асыру» бойынша баяндаманы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Оспанғалиева К.А.таныстырды;
  • «Жаңа оқу моделі негізінде колледждердің желісін құру бойынша «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ» жобасы» баяндамасын «APEC Petrotechnic» Жоғары колледжінің директоры таныстырды;
  • «Жаңа форматтағы техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұны» бойынша Холдингтің ТжКБ мазмұнын дамыту Басқармасының бас менеджері Шарипова К.К. сөз сөйледі;
  • «ТжКБ жүйесінде педагогикалық және басқарушылық қызмет атқаратын қызметкерлердің біліктілігін арттырудағы инновациялық әдістер» баяндамасын Холдингтің кәсіптік білім орталығының басшысы Қарсыбекова Г.И. таныстырды.
  • Холдинг Басқарма Төрағасының орынбасары Аппаев С.А. «WorldSkills Kazakhstan – «Будущее своими руками» бойынша баяндама жасады;
  • «ТжКБ жүйесінде білім ұйымдарымен ынтымақтастық» туралы «Bilim Media Group» ЖШС атқарушы директоры Нартай Әшім сөз қозғады.

Барлық қатысушыларға семинарлар мен конференциялардың жобалары, базалық 10 колледж бен дуальді білім деруді дамытудың жоспары және де колледждерді саралауды қамтитын үлестірме материалдар таратылды.

Секция қорытындысы бойынша ұсынымдар талқыланып әзірленді.