Posted on

«Қазақстан экономикасының салалары үшін ағылшын тілінде білікті мамандар даярлау» семинар-практикум

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің тапсырмасына сай 2017 жылдың 26 мен 27 маусым аралығында «APEC Petrotechnic жоғары колледжі» ЖШС базасында «Қазақстан экономикасының салалары үшін ағылшын тілінде білікті мамандар даярлау» тақырыбында аймақтық семинар-практикум ұйымдастырылып өткізілді.
Аймақтық семинар-практикумның негізгі мақсаттары:
1. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде инновациялық білім беру технологияларын (бұдан әрі – ТжКБ) енгізу мен іске асырудың отандық және халықаралық тәжірибесін жинақтау;
2. Атырау қаласындағы «APEC Petrotechnic жоғары колледжі» ЖШС-індегі Техникалық және кәсіптік білім бағдарламаларын ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру механизмімен таныстыру;
3. Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің оқу процесінде арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуда теориялық және практикалық білімді қолдану дағдысын үйрету.
Аймақтық семинар-практикумның бағдарламасы «Кембридж» (A-Level) Халықаралық мектептің салтанатты ашылу рәсімін, «Kәсіпқор» холдингі» КЕАҚ бас менеджерлері Н.Д.Жанайдаровтың және A.T.Бекишеваның, «APEC Petrotechnic жоғары колледжі» ЖШС директоры Е.Б. Күзенбаевтың және SAIT Polytechnic (Канада) оқытушысы Ральф Пирстің баяндамаларын және презентацияларын, сонымен қатар бірнеше ашық сабақтар мен тренингтерді қамтыды.
Ағылшын тілін және арнайы пәндерді оқытудың жаңа форматтағы бағдарламасы мен әдістерін үйрену колледждің ағылшын, кәсіптік және арнайы пәндер оқытушылары ұйымдастырған таныстырылым және ашық сабақтар түрінде ұсынылды, оған семинар практикумға қатысушылардың барлығы қатысты.
Семинар практикумның ашық сабақтары кабинеттерде, зертханалар мен шеберханаларда өтті.
Сабақтың барлық түрлерін колледждің оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ колледждің академиялық серіктесі SAIT Polytechnic (Канада) оқытушылары «Бұрғылау мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және технология», «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» «Электрмен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша 3 курс студенттерімен өткізді.
Аймақтық семинардың екінші күні колледждің ағылшын тілі және арнайы пән мұғалімдері, сондай-ақ «Холдинг «Kәсіпқор» КАҚ өкілдері:
арнайы пәндер мұғалімдеріне «BOPPPS моделі бойынша сабақты жоспарлау»,
ағылшын тілі оқытушыларына «TBLT моделі бойынша сабақты жоспарлау»,
«Арнайы пәндерді (модульдер) CLIL әдістемесі негізінде ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында практикум – тренингтер өткізді.
Семинар жұмысына 9 аймақтан (ШҚО, БҚО, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау) 90 адам қатысты.
Семинардың практикалық бөлігі аяқталғаннан кейін қатысушылар пікір алмасуға қатысып, өз сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Семинарға қатысушылар семинардың маңыздылығын және кейін де жалғастыру қажеттігі туралы оз ойларын білдірді.
Аймақтық семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.