Posted on

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігімен» өзара түсіністік туралы меморандумы

2017 жылдың 17 маусымда «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігімен» өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум мақсаты кәсіптік және техникалық білім беруді дамытуға бағытталған Тараптар арасындағы ынтымақтастықты құру болып табылады. Сонымен қатар:

– оқу-әдістемелік қолдау, техникалық және кәсіптік білім берудің технологиясын дамытуда жәрдемдесу;

– озық тәжірибе, тиімді білім беру технологиялары, авторлық мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру оқу процесіндегі жеке оқыту әдістерін тарату;

– әлеуметтік және кәсіби ұйымдармен, техникалық және кәсіби білім беру саласындағы сарапшылармен өзара қарым-қатынас.