ТжКБ жүйесі педагогтерінің біліктілігін арттыру

«Talap» КЕАҚ Оқу-тренингтік орталығы ТжКБ ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде ағымдағы жылдың тамыз айынан курстық оқыту өткізуде. Бүгінгі күні 3058 колледж педагогтері оқытудан өтті. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтерін оқыту үстіміздегі жылдың жылғы 27 қарашасына дейін жалғасады. Сіздердің назарларыңызға онлайн форматтағы курстық оқытудың фрагменттері бар […]
Новостикурсы повышения квалификации

Демонстрациялық емтихан бойынша сұрақтар мен жауаптар

Құрметті әріптестер! Қазіргі уақытта «Talap» КЕАҚ ТжКБ ұйымдарына WorldSkills стандарттарын ескере отырып демонстрациялық емтихан өткізу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуде. Осыған орай бізге ТжКБ ұйымдарының тарапынан демонстрациялық емтиханды өткізу бойынша сұрақтар түсіп жатады, яғни ерекшеліктері, бағалау жүйесі, қорытындысында бұның студенттерге/түлектерге не беретіні жайлы? Төмендегі сілтеме арқылы сұрақтарға жауап алуға болады: http://worldskills.kz/?p=2457.
Новостиworldskills

Жұмыс орнында оқыту мәселелеріне арналған «Шығыс әріптестігі» елдерінің кәсіптік білім беру өңірлік форумына ...

Жұмыс орнындағы оқыту Еуропалық Одақтың, оған мүше мемлекеттердің және Еуропалық білім беру қорының көптеген серіктес елдерінің кәсіптік білім беру және оқыту саясатындағы негізгі басымдық болып табылады. 2020 жылдың 28 қазанында «Talap» КЕАҚ өкілдері Еуропалық білім беру қоры ұйымдастырған онлайн вебинарға қатысты. Вебинар барысында Қазақстан, Әзірбайжан, Беларуссия, Молдова, Грузия, Украина және Армения елдерінің өкілдері кәсіптік білім […]
Новости

Оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи жүйесі

«Talap» КЕАҚ Оқу-тренингтік орталығы «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері» тақырыбы бойынша ТжКБ жүйесінің педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама өзекті педагогикалық мәселелерді шешуге, оқыту нәтижелерін бағалауды кадрларды даярлау жүйесінің міндеттері мен мақсаттарына сәйкестендіруге, педагогтерге оқу нәтижелері деңгейінің критерийлері мен өлшемдерін үйретуге бағытталған. Курс барысында тыңдаушылар […]
Новости

Өндірісте оқытуды дамытудың халықаралық тәжірибесі

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс шеңберінде «Talap» КЕАҚ өкілдері 2020 жылғы 27 қазанда «Skillman» кәсіби даму орталықтары желісінің халықаралық Альянсы мен Еуропалық білім беруді дамыту қоры бірлесіп ұйымдастырған «Work-Based Learning curriculum development» вебинарына қатысты. Вебинар барысында Еуропалық Одақ елдерінің сарапшылары ТжКБ ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу бойынша ынтымақтастықтың түрлі модельдерін […]
Новости