Posted on

Жамбыл облысында «Турин процесі» зерттеуін жүргізу

2017 жылдың 19-23 маусым аралығында Жамбыл облысында өңірлік деңгейде «Турин процесі» зерттеуін жүргізу шеңберінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ы білім басқармасымен және Жамбыл политехникалық колледжімен бірге бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.

Өңірдің ТжКБ жүйесі туралы сандық және сапалық мәліметтерді жинау үшін білім беру, ӨКП, жұмыспен қамтуды координациялау басқамрмасының, тұрғындарды жұмыспен қамту орталығының, статистиканың өңірлік департаментінің, үкіметтік емес ұйымдардың, РҒӘО, «Өрлеу» БАҰО, еңбек комитеті департаментінің өкілдерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер, фокус топтар жүргізілді.

А.ж. 19 маусымында ӨКП, білім басқармаларының, оқу-әдістемелік кабинеттердің өкілдерімен облыстағы ағымдағы кәсіптік білім ахуалы талқыланды.

Жамбыл политехникалық колледжі базасында а.ж. 20 маусымында әртүрлі стейкхолдерлердің қатысуымен дөңгелек үстел жүргізілді. Дөңгелек үстел барысында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Стратегиялық дамыту және мониторинг басқармасының бас менеджері А.Т. Жанкарина өңірлік деңгейде «Турин процесі» зерттеуінің басты мақсаттарымен, тапсырмаларымен және ұйымдастыру сұрақтарымен таныстырды.

ТжКБ жүйесіне қатысты сұрақтарыды талқылау сараптамалық зерттеу блогы бойынша жұмыс тобы шеңберінде дөңгелек үстел форматында жүргізілді:

– «А» тобында заңнама және оның ТжКБ жүйесіне әсері сұрақтары бойынша Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің директоры А.Д. Биназар баяндама жасады. Пікір таласқа Жамбыл политехникалық колледжінің директоры Ж.Р. Орынбаев қатысты;

– «В» тобының сұрақтары бойынша, яғни еңбек нарығының сұранысы және ТжКБ жүйесіне мамандарды даярлау жөнінде Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Б.Б. Абдулдаев баяндады. Колледж түлектерінің кәсіпкерлік дағыдысын дамыту бойынша үшкүндік курстарын ұйымдастырудың оң тәжірибелері көрсетілді;

– «С» тобының ТжКБ жүйесі және демографиялық, әлеуметтік және инклюзивті сұранысы сұрақтары бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ «Тәрбиелеу және әлеуметтік тұлға» кафедрасының жетекшісі К.С. Таукебаева баяндады. «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы У.Б. Болатбек аудиторияға «Сәтті қадам» жобасын таныстырды, оның шеңберінде колледж түлектерін, жастарды еңбекпен әлеуметтендіру мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда;

– вопросы группы «D» тобының сұрақтары, яғни ТжКБ жүйесінің тиімділігі бойынша Құлан ауылшаруашылығы колледжінің әдіскері Г.С. Махамбетова, «Жамбыл облысының РҒӘО» АҚ директоры Г.К. Есжанова баяндама жасады. Колледждегі оқыту беделділігі, тәуелсіз аккредитациялау және оның артықшылықтары сұрақтары белсенді түрде талқыланды.

Сапалық мәліметтердің нақтылығы мақсатында әкімшілікпен, ИПҚ, мемлекеттік және жеке меншік колледждерінің жоғары курс студенттерімен фокус-топтар өткізілді, ӨКП ірі, орта және шағын бизнестің кәсіпкерлер-өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.