Posted on

Өзектендірілген оқу бағдарламаларын әзірлеу және енгізу саласында Холдинг пен ТМКҚ серіктестігі

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы 2017 жылдың 1 наурызында тау-кен металлургия саласы үшін біріккен жобалар мен мамандарды даярлауды жүзеге асыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім саласындағы серіктестікті дамытуға бағытталған қарым-қатынас туралы меморандум бекітті.

2017 жылдың 2 маусымында Холдингтің ТМКҚ-ның GIZ (Халықаралық серіктестік бойынша Герман қоғамымен) ары қарайғы қарым-қатынас сұрақтары бойынша үшжақты кездесу болып өтті. Кездесу нәтижесінде тау-кен металлургия саласындағы дуалды оқыту сұрақтары бойынша Холдинг, ТМКҚ және GIZ арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған кешенді шаралар анықталды.

Холдинг және ТМКҚ арасындағы меморандумды жүзеге асыру мақсатында тараптар 2017 жылдың 16 маусымда ТМКҚ қарамағындағы кәсіпорындарда, сонымен қатар ТжКБ жүйесінде білім беру сапасын арттырумен, үлгілік оқу жоспарларын өзектендіруді жүзеге асырумен, дуалды оқытудың сапасын арттырумен байланысты жұмыс жоспарына қол қойды.