Posted on

«Турин процесі» зерттеуі шеңберінде жүргізілген «Өзгеріп жатқан әлем үшін кәсіптік дағдыларды өзгерту» халықаралық конференция қорытындылары туралы

«Турин процесі-2016» зерттеуі қорытындысы бойынша 2017 жылдың 7-8 маусым аралығында Турин қ. (Италия) «Өзгеріп жатқан әлем үшін кәсіптік дағдыларды өзгерту» халықаралық конференциясы болып өтті, оған кәсіптік білім нәтижелерін ілгерілету бойынша жұмыс жасайтын Еуропалық Білім беру Қорының (ЕБҚ) 28 серіктес мемлекеттерінің 300 артық өкілдері қатысты.

Конференцияның бірінші күнінде «Турин процесі-2016» зерттеуінің нәтижелері ұсынылды және ТжКБ айқындылығы мен есептілігі, мемлекеттің бәсекеге қабілеттігі мен экономикасының артыуына ТжКБ үлесі, кәсіптік білімнің нәтижелілігі мен саясаты сұрақтары бойынша жеке семинарлар ұйымдастырылды.

Конференцияның екінші күнінде а.ж. 8 маусымында кәсіптік білімдегі мемлекеттік саясаттың тиімділігі, кәсіпкерлік пен инновация сұрақтары бойынша халықаралық сарапшылары мен ЕБҚ қатысушы мемлекеттерінің министрлері, вице-министрлері арасында диалог болды.  Конференция қатысушыларына көрме алаңдары ұйымдастырылды, мұнда жас новаторлар әртүрлі секторларда өздерінің инновациялық жобаларын көрсетті.

«Турин процесі» зерттеуінің жаңашылдылығы қатысушы мемлекеттер «он-лайн» платформасын пайдалана алады, мұнда ұлттық, өңірлік және мемлекет аралық деңгейдегі нақты мәліметтер қоолжетімді (нақтырақ https://www.torinoprocess.eu/).

Аталған қорытынды конференция ЕБҚ қатысушы мемлекеттеріне «Турин процесі» зерттеуі шеңберінде кәсіби білім жетістіктерін, проблемаларын және прогресін талқылау мүмкіндігін ұсынды.