Posted on

Еуропалық Білім беру Қорының халықаралық сарапшыларымен серіктестік құру арқылы кәсіби біліктілікті арттыру

«Қазақстандағы Турин процесін» зерттеуді жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру шеңберінде а.ж. 9-13 маусым аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ бас менеджерлері А.Т. Жанкарина мен Д.К. Алимханованың Еуропалық Білім беру Қорына (ЕБҚ) жұмыс іс-сапары болды.

Колледждердің инженер-педагог қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби білімі, жұмыс орнында оқыту сұрақтары бойынша кеңестік және әдістемелік қолдауды алу, кәсіпкерлік дағдыны және кәсіпқойлылықты дамыту мақсатында халықаралық ЕБҚ сарапшыларымен – Кристин Хемшимайер, Ева Янсова, Михайло Милованович, Дидьер Гелиберт, Олена Бех, Кристина Мереута, Джулиан Стэнли, Хельмут Зелот кездесулер болып өтті.

2017 жылы Қазақстанда өңірлік деңгейде «Турин процесін» зерттеу жүргізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Зерттеу координаторлары сапалық және сандық мәліметтерді жинақтау және сараптамалау бойынша ЕБҚ серіктес мемлекеттерінің практикасы зерттелді.