Posted on

«Колледждердегі оқу процесін әдістемелік және нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» республикалық оқу-әдістемелік кеңес отырысы

Мерзімі:  2017 жыл 16 маусым

Уақыты: сағ. 14.00 – 16.00

Өткізу орны: Астана қ., Сол жағалау, Достык көш.,3, «Көрме» КО, конференц-зал холл «А».

16 маусымда ҚР БҒМ бекітілген РОӘК жұмыс жоспарына сай «Колледждердегі оқу процесін әдістемелік және нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» ҚР БҒМ ТжКОБ республикалық оқу-әдістемелік кеңес отырысы өтті.

Кеңеске Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік департаментінің, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, Білім басқармаларының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің, Оқу-әдістемелік бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан Республикасы облыстарының және Астана, Алматы қалаларының колледждерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 86 адам.

Кеңесті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры РОӘК Төрайымы – Н.Ж. Оспанова ашты.

РОӘК отырысы барысында ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті басқармасының басшысы – К.М. Алғазинованың, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мамандары –  С.А. Қойлыбаеваның, Ж.Қ. Далабаевтың, Қ.К. Шарипованың, М.О. Жумабекованың, Г.Т. Бегалиеваның, С.Д. Абжановтың, «Азаматтық авиация академиясы» АҚ Авиациялық колледждің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директоры Б.Н. Дудкинің баяндамалары тындалды.

Отырыста техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жаңартудың өзекті сұрақтары, колледждегі оқу процесін ұйымдастырудың рационалды, тиімді варианттары, дуалды оқытуды жүзеге асыру сұрақтары талқыланды. Сонымен бірге келесі нормативтік-құқықтық құжаттар қарастырылып, бекітілді:  2017 жылы өзектендірілген 65 үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасы; жұмыс оқу жоспарын әзірлеуге арналған әдістемелік нұсқаулық; модуль бойынша жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеуге арналған әдістемелік нұсқаулық; ТжКБ жүйесіне арналған оқу әдебиеттерінің тізімі; қолданбалы бакалавриат бойынша үлгілік оқу жоспарын әзірлеуге арналған әдістемелік нұсқаулық; білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік нұсқаулық.