Posted on

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту арқылы Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені үшін кадрларды даярлаудың инновациялық тәсілдері

Безымянный

 

Мерзімі: 2017 жылдың 2 маусым

Уақыты: сағ. 10.00 – 16.00

Өткізу орны:  ОҚО, Шымкент қ., Қаратау ауданы, Тассай ш.а., Жібек жолы даңғылы,  «Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК базасында

 

Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кредиттік-модульдік оқыту технологиясын кезең-кезеңмен енгізу бойынша Жұмыс жоспарын (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22.12.2016 жылғы  №717 бұйрығымен бекітілген) жүзеге асыру шеңберінде және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша сұрақтарды талқылау мақсатымен «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның  Кәсіптік білім беру орталығы 2017 жылғы 2 маусым күні «Шымкент аграрлық колледжі» базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту арқылы Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені үшін кадрларды даярлаудың инновациялық тәсілдері» тақырыбы бойынша семинар-практикум өткізіледі.

Семинар-практикумға қатысу үшін облыстардың,  Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының өкілдері, өңірлердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері шақырылды. Семинар – практикумға 200 – ден астам адам қатысу жоспарлануда.

Семинар-практикум бағдарламасы келесі мақсаттарды көздейді: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инновациялық білім беру технологияларын енгізу және іске асыру бойынша тәжірибесін қорытындылау, сонымен қатар, модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген  оқу бағдарламаларын және  жоспарларын енгізу, кредиттік технология және дуалдық оқыту, арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процессінде пәндік-тілдік интеграцияланған CLIL әдістемесі және қолданбалы бакалавриат мәселелерін қарастырылады.

Семинардың пленарлық отырысында Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені үшін оқытудың өзекті мәселелері, Шымкент аграрлық колледжіндегі оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу тәжірибесі қарастырылып талқыланады.

Семинардың екінші жартысында, қатысушылар аталған тақырыптар бойынша өзекті мәселелерді ашып көрсетіп, практикада қолдану мүмкіндігіне ие болады.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға ұйымдастырушылар сертификат таратады, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды табысты іске асыру және енгізу үшін өз ұсыныстарын жасайды.

 

 

Қосымша мәліметтерді www.kasipkor.kz сайтында жарияланған ақпараттан,     сондай-ақ, 8 (7172) 79-45-36 және 8 701 208 18 11 телефондары арқылы Рысбетова Назымға хабарласып, алуға болады. E-mail: naz.kaz@mail.ru