Posted on

Ақтөбе облысында «Турин процесін» зерттеу шеңберінде өткізілген дөңгелек үстел

Ақтөбе политехникалық колледжі базасында 2017 жылдың 30 мамырында өңірлік деңгейде «Турин процесін» зерттеу шеңберінде ұйымдастырылған дөңгелек үстел жүргізілді.

Дөңгелек үстел жұмысын Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы С.Р. Умербаева ашты.

1

Өңірлік деңгейдегі «Турин процесін» зерттеуді ұйымдастырудың мақсатымен, тапсырмаларымен және мәселелерімен «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ стратегиялық дамыту және мониторинг басқармасының бас менеджері А.Т. Жанкарина таныстырып өтті.

2

ТжКБ жүйесіне қатысты сұрақтарды талқылау зерттеудің сараптамалық шеңберінің блогы бойынша топ жұмысының шеңберінде дөңгелек үстел ретінде жүргізілді:

–  Заңнамана және оның ТжКБ жүйесіне әсері сұрақтары бойынша «А» тобындағы жұмыс нәтижесі бойынша Ақтөбе облысының білім басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы В.Н. Шавкилова баяндама жасады. Пікір-таласқа сонымен қатар ғылыми-практикалық орталықтың директоры – Б.С. Джармағамбетова, колледж директорлары қатысты;

– Еңбек нарығындағы сұраныс және ТжКБ жүйесінде мамандарды даярлау мәселелері бойынша «В» тобынан Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Д.Б. Құнанова, статистика жөніндегі департамент, жұмыспен қамтамасыз етуді және әлеуметтік бағдарламаларды координациялау басқармасының өкілдері ашты;

3

– демографиялық, әлеуметтік және инклюзивті сұраныс және ТжКБ жүйесіне қатысты сұрақтар бойынша «С» тобынан Еңбек, әлеуметтік қорғаныс және көші-қон комитеті департамент басшысының орынбасары Н.М. Валиулова, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының өкілі А.М. Сахиев баяндама жасады. Ақтөбе медициналық колледжінің ерекше білім беру процесін қажет ететін тұлғаларды оқытудың оң тәжірибесімен қоса инклюзивті оқытудың мәселелері атап өтілді;

4

– ТжКБ жүйесінің тиімділігі бойынша сұрақтарды «D» тобынан Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі директорының орынбасары Е.Н. Газизулина, «Өрлеу» ҰБАО өкілі Б.С. Утаров, өндірістік оқыту шеберлері, әдіскерлер мен әлеуметтік педагогтар ашты. Колледждерде оқыту мәртебесі туралы сұрақтарды, тәуелсіз аккредиттеу және оның артықшылықтары туралы сұрақтарды талқылады.

Сапалы мәліметтердің толықтығы үшін зерттеуді жүргізу мақсатында әкімшілікпен, ИПҚ, облыстардың мемлекеттік және жеке меншік колледждерінің жоғары курс студенттерімен фокус-топтарын өткізу жоспарлануда.