Posted on

«Турин процесін» зерттеу шеңберінде өткізілген іс-шаралар

«Кәсіпқор» холдингінің қызметкерлері өңірлік деңгейде «Турин процесін» зерттеу шеңберінде мәліметтерді жинау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. 22-26 мамыр аралығында зерттеуді жүргізудің пилоттық өңірінің бірі Қостанай облысы.
Облыста Білім басқармасының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды координациялау басқармасының, тұрғындарды жұмыспен қамту орталығының, өңірлік статистика департаментінің, «Нұр Отан» партиясы филиалының, «Өрлеу» ҰБАО-ның, еңбек комитеті департаментінің және колледж өкілдерінің және колледждің директорлар кеңесінің қатысуымен бірнеше іс-шаралар өткізілді.
22 мамырда Қостанай облысының білім басқармасының өкілдерімен және ӨКП өкілдерімен, ірі, кіші және орта бизнес кәсіпкерлерімен кездесу болып өтті, мұнда білім беру мен еңбек нарығы арасындағы қарым-қатынас сұрақтары талқыланды.

1

Зерттеу координаторлары колледждің материалдық-техникалық базасымен танысу және оқу орнының инженер-педагог қызметкерлерімен сұрақтарды талқылау мақсатында, «Кәсіпқор» холдингінің базалық колледжі, Қостанай политехникалық колледжіне болды.
Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі базасында 23 мамырда стейкхолдерлармен дөңгелек үстел жүргізілдіЗерттеудің сараптамалық шеңберіне сай қатысушылар ТжКБ саласындағы білім беру саясатының сұрақтарын, өңірдегі еңбек нарығы мен білім беру арасындағы өзара қарым-қатынасты, ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі, ТжКБ тартымдылығын және дәрежесін арттыру, әлеуметтік инклюзивті, автономдылықты, мемлекеттік дербес серіктестік және тағы басқа сұрақтарды ашып талқылады.

2

Зерттеудің толық сапалы мәліметтері үшін 24-25 мамыр аралығында әкімшілкпен, ИПҚ, мемлекеттік және жеке меншік колледждерінің жоғары курс студенттерімен фокус топтар өткізілді.

3

Холдинг өкілдері 25 мамырда ары қарайғы қарым-қатынас сұрақтары бойынша Қостанай облысының статистика жөніндегі департаменті және әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды координациялау басқармасының өкілдерімен диалог жүргізді.
Өңірлік деңгейде «Турин процесін» зерттеуді жүргізу үшін мәліметтерді жинау және сараптама жүргізу бойынша жұмыстар Ақтөбе және Жамбыл облыстарында да жүргізілмек.