Posted on

Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі базасында «Қазақстандағы Турин процесі» өңірлік зерттеу шеңберіндегі дөңгелек үстел  

 

Қостанай қаласында 2017 жылдың 23 мамырында  Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі базасында Қостанай облысының ТжКБ жүйесі саясатын талдауға бағыттылған «Қазақстандағы Турин процесі» өңірлік зерттеу шеңберіндегі дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысын «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ өкілдері Жанкарина А.Т. мен Алимханова Д.К, ұйымдастырып, жүргізді.

Өңірлік зерттеу әртүрлі қызығушылық артқан тараптардың қатысуымен жүргізілді, олар: Қостанай облысы әкімшілігінің білім басқармасының, Қостанай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды координациялау басқармасының, Қостанай облысы бойынша «Техникалық және кәсіптік білімді дамытудың республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ,  Қостанай облысының «Өрлеу» филиалының мен әртүрлі колледждердің өкілдері.

IMG_3891

ТжКБ жүйесін талқылау сараптама шеңберінің блогы бойынша жұмыс тобы шеңберінде дөңгелек үстел ретінде жүргізілді:

А. Заңнама және оның ТжКБ әсері. Аталған топтың презентациясына белсенді қатысқандар: Білім басқармаларының әдістемелік кабинетінің басшысы Нуркина А.С., облыстағы колледждердің директорлар кеңесінің төрағасы Журкабаев М.К. және Қостанай автокөлік транспорты колледжі директорының орынбасары Искаков Ф.М. Топ ТжКБ заңнамалық аспектілерін талдау мен олардың білім алу процесіне әсерін көрсетті.

  1. ТжКБ жүйесінің және еңбек нарығының сұранысы. Аталған топқа облыстың Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды координациялау басқармасының мамандары енді. Кәсіптік білім мамандарына деген еңбек нарығының сұранысын, кәсіптік бағдар беру жұмысының сұрақтарын және мәселелерін талқылады.
  2. ТжКБ жүйесі және демографиялық, әлеуметтік және инклюзивті сұранысы. Аталған блоктың сұрақтарын облыс колледждерінің әлеуметтік педагогтары ашты. Педагогтар облыстың ТжКБ жүйесіне инклюзивті білімді енгізу, кәсіптік білімнің дәрежесі мен қолжетімділігі сұрақтары туралы түсіндіріп өтті.
  3. ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі. Презентацияны Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» филиалының өкілі Ибрагимов К.Т., Қостанай облысы бойынша РҒӘО филиалының директоры Бибик В.В., колледждер өкілдері (Лисаковск техникалық, Жетіқара политехникалық, Рудный политехникалық және Қостанай ауылшаруашылығы) жүргізді. Облыстың дуалды оқыту мәселелері қарастырылды, аккредитацияларға колледждердің дайындығы, қоғам мен жүйе педагогтарының дәрежесінің сұрақтары ашылды.

Дөңгелек үстелдің әрбір блогы белсенді талқыланып, қосымша қатысушылармен толықтырылып отырды.

IMG_3848

Сонымен бірге, ұйымдастырушылар сараптамалық шеңбер сұрақтары бойынша мәліметтерді жинаудың қосымша қайнар көздерін талқылауды жүргізді.

Өңірлік зерттеудің жұмыс нәтижесі бойынша қатысушылар облыстың ТжКБ жүйесінің проблемалары анықталып, белгіленді және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсететін модуль әзірленді.