Posted on

«Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбында семинар-практикум

IMG_9994
 

Қарағанды гуманитарлық колледжі 19 сәуір 2017 жылы «Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинар жұмысына «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның, ТКОБКБ оқу- әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі басқармасының, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттык білім академиясының өкілдері, сондай-ақ республика бойынша педагогикалық және гуманитарлық колледждерден мамандар қатысты.

Оқу-әдістемелік бірлестік жұмысы туралы ақпарат тыңдалды:

Нормативтік құжаттармен жұмыс жүргізілді:

  • Негізгі орта және жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
  • Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Көркем еңбек» пәні бойынша ұзақ мерзімдік жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы.

«Бейнелеу өнері және сызу», «Технология» мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары және оқу құралдары туралы сұрақтар  қарастырылды.