Posted on

«Тау-кен – металлургия кешеніндегі мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

18 сәуірде Астана қ. апреля в г. Астана в рамках Горнопромышленного форума «МАЙНЕКС Орталық Азия 2017» VIII тау-кен өндірісі форумы шеңберінде Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен-металлургия кәсіпорындарының ассоциациясы «Тау-кен – металлургия кешеніндегі мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған ТМКА, ҚР БҒМ ТжКБД, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Полиметалл» ЖШС, «ПИТ» АКФ, «ERG ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығы» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Казцинк» ЖШС өкілдері қатысты.

Төмендегі баяндамалар жасалды:

  1. Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен-металлургия кәсіпорындарының ассоциациясының директоры Н.В. Радостовец ТМКА эгидасымен ТМК мамандар саясатының стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру ұсынымын ұсынды.
  2. ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Н.Ж. Оспанова ҚР БҒМ-нің ТМК даярлау жүйесінде атқарылған жұмысы туралы.
  3. ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адам капиталын дамыту департаментінің директоры О. Ордабаев ТМК мамандарын даярлауға жұмыс берушілердің қатысуы туралы.
  4. ТМКА атқарушы директорының орынбасары Т. Муханова тау-кен – металлургия кешенінің бір жағынан – мамандардың біліктілігін арттыру, екінші жағынан – мамандарды даярлау жүйесін құрудағы сұранысы туралы.
  5. «ERG ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығы» ЖШС Тау-кен департаментінің директоры С. Галиева тау-кен саласындағы кәсіби мамандарға деген сұраныс пен тенденциялары туралы.
  6. «Полиметалл Евразия» ЖШС Қызметкерлер жөніндегі департамент директоры Ж. Досанова өз оқыту орталығы базасында жаңа тау-кен ақпараттық технологияларына оқыту туралы.
  7. «ПИТ» АКФ инвесторлармен жұмыс жөніндегі директор Д. Блиева мамандарды даярлау және ТМК сандандыру туралы.
  8. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Қызметкерлер қызметінің кадр резерві мен оқытуды дамыту жөніндегі басшысы А. Ахметжанова ТМК қайта бейіндеу және жаңа оқыту технологиясын енгізу туралы.
  9. «Казцинк» ЖШС қызметкерлерді дамыту және оқыту басқармасының басшысы С. Плотникова жұмысшы кадрларының жетіспеушілігі туралы.

Дөңгелек үстел нәтижесінде ТМКА ҚР БҒМ-мен бірге ТМК дуалды оқыту жүйесін енгізуге қатысу шешімі қабылданды, ТжКБ беру ұйымдарына арналған кәсіби стандарттарды әзірлеу кезінде WorldSkills және Abelimpiks стандарттарының талаптарына сай мамандарды даярлау сапасын дамыту.

ТМКА WorldSkills Kazakhstan және Abelimpiks чемпионаттарына қатысатын тау-кен-металлургия салалары сарапшыларының пулын құру жоспарлауда.

ТМКА өз базасында тау-кен-металлургия саласындағы қызметкерлерді сертификаттау жөніндегі орталығын құру мүмкіндігін қарастыруда