Posted on

Кәсіптік-техникалық мамандарды даярлау бойынша Ұлттық кеңес жұмыс тобының отырысы

2017 жылдың 19 сәуірінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Кәсіптік-техникалық мамандарды даярлау бойынша Ұлттық кеңес жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Жұмыс тобының отырысын Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиева басқарды. Оған ҚР БҒМ ТжКБД, ҚР ЭМ, ҚР ЕХӘҚМ, ҚР МСМ, «РҒӘО» АҚ, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ, «Атамекен» ҰКП; «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы»  ҚБ, ҚР Кәсіподақ федерациясының, «Қазатомпром» ҰАК, «Kazenergy» ассоциациясының, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «GIZ» халықаралық серіктестік жөнндегі герман қоғамының өкілдері қатысты.

Жұмыс тобы отырысының барысында Кәсіптік-техникалық мамандарды даярлау жөніндегі Ұлттық кеңесті ұйымдастыру және жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын және алдыда болатын отырысты жүргізу бағдарламасын талқылады.

Жұмыс тобының отырысында төмендегі баяндамалар тындалды:

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Н.Ж. Оспанова «Инновациялық-индустриалды даму талаптарына сай мамандарды қамтамасыз ету туралы»;
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек нарығын дамыту және халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Абулхатин Е.М. «Инновациялық-индустриалды дамудың талаптарына сай мамандармен қамтамасыз ету туралы»;
  3. GIZ бас кеңесшісі Райнер Гертц «ҚР ТжКБ арналған нормативтік-құқықтық шарттарды жетілдіру»;
  4. Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адам капиталын дамыту департаменті директорының орынбасары Шонаева Л.Ж. «Біліктілікті бағалаудың тәуелсіз жүйесі бойынша заңнама базасын жетілдіру туралы»;
  5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің бас сарапшысы  Рысалиев А.С. және ҚР ЕХӘҚМ қарасты Жобалады басқару тобының маманы Е.В. Зигангирова «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу туралы»;
  6.  «Холдинг «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Бимендина А.Т. «Кәсіптік-техникалық мамандарды даярлау бойынша Ұлттық кеңесті ұйымдастыру және жүргізу туралы»