Posted on

«Дуалды оқыту: стандарттар, технологиялар, үздік тәжірибелер» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Мәскеу халықаралық білім салоны шеңерінде Мәскеу қаласында 12-14 сәуір аралығында «Дуалды оқыту: стандарттар, технологиялар, үздік тәжірибелер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

Конференцияны ЧТПЗ тобы, Корпоративтік білім халықаралық ассоциациясы (КБХА) және Стратегиялық инициативалық агенттікпен (СИА) бірге ұйымдастырды.

Мақсаты: орта кәсіптік білімді әдістемелік қамтамасыз ету және басқару жүйесін стандарттау тенденциялары мен болашағын анықтау, сонымен қатар мемлекеттік-дербес серіктестік негізінде дуалды оқыту бағдарламаларын анықтау.

Конференцияда мемлекеттік білім беру ұйымдарының және жұмыс берушілердің арасындағы қарым-қатынасқа негізделген кәсіпік білімді дамыту трендтерін және негізгі процестерді қозғады.

Пікір алмасудың негізгі бағыттары:

— өндіріс кәсіпорындары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіптік білім саласындағы бизнес пен үкімет арасындағы процестер мен өңірлік модельдер;

— дуалды оқытуды ұйымдастыру стандарттары мен корпоративтік жүйесі;

— жұмыс кәсіптерінің дәрежесін арттыру бойынша серіктестік кәсіптік бейіндеу жұмыстарының жобасы;

— жаңа практикалық-бағытталған білімді енгізу;

— дуалды модель шеңберінде сапалы білімді жүзеге асыру үшін педагогтар мен нұсқаушыларды даярлау;

— құзыреттерді бағалау жүйесі және дуалды оқыту сапасының индикаторы және дамыту драйвері ретіндегі WorldSkills;

— дуалды оқытудың түлектерін ары қарай дамыту және еңбек адаптациясының бағдарламасы