Posted on

Мамандарды таңдау бойынша конкурс

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Кәсіптік білім беру орталығы 2016 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогикалық жұмыскерлері мен басшыларының қалыптасқан кәсіби құзыреттіліктерін тәуелсіз бағалауды және талдауды өткізу үшін үміткерлерді (мамандарды) таңдау бойынша конкурс жариялайды.

Қойылатын талаптар: жоғары білім, қызметкерлерді бағалауды өткізу бойынша жұмыс істеу тәжірибесі, жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес.

Құжаттарды (түйіндеме) ұсыну мерзімі 2017 жылдың 12 сәуіріне дейін. Құжаттарды келесі мекен-жайға жіберу қажет: Астана қ., Түркістан көш. 2, «Алатау» БО, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, №225 каб. және akumekova@tvet.kz электрондық поштасына. Қосымша ақпарат алу үшін 8(7172)79-45-52 телефонына хабарласуды сұраймыз.