Posted on

«Кәсіптік бағдар қызметін жүзеге асыру және енгізу» жобасының презентациясы

2017 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Кәсіптік бағдар қызметін жүзеге асыру және енгізу» жобасының презентациясы болды.
Презентацияны іс-шара ұйымдастырушылары – «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ және «Құрмет» Қазақстандық білім орталығы» ЖШС жасады. Кездесуге Астана қ. Білім басқармасының, «Атамекен» ҰКП, Астана қ. Жұмыспен қамту орталығының, бизнес-құрылымның және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның өкілдері қатысты.
Қатысушылар кәсіптік бағдар жұмыстарының заманауи тенденциялары мен тәсілдерін, оны мектеп жұйесінде жүзеге асыру және енгізу туралы мәселелерді талқылады. Іс-шара нәтижесінде мәселелерді бірігіп шешу үшін серіктестік сұрақтары қарастырылды.
Кәсіптік бағдар іс-шаралары білім алушыға кәсіптік қызығушылық шеңберін, тұлғалық мүмкіндіктерді және әр тұлғаның ерекшеліктерін анықтауға көмек береді. Кәсіптік дамудың оңтайлы құрылған траекториясы еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маманды даярлауға мүмкіндік береді.


Warning: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, function 'storefront_post_nav' not found or invalid function name in /sites/kasipkor.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 307