Posted on

NHK Жапон телекомпаниясы әлемде бірінші болып 8К фоматындағы хабар таратуды бастайды

Жапония жоғары технологиялардың алдыңғы қатарында болуға ұмытылуда.  NHK телекомпаниясы әлемде бірінші болып 8К (7680 х 4320 пиксель) форматында үнемі спутникті хабар таратуды бастайды. Super Hi-Vision форматындағы сигналдарды тарату бойынша алғашқы тесттер кеше табысты өтті. Эксперимент барысында теледидарлық контент 4К және 8К форматында кезекпен-кезек таратылып отырды. Айта кететін жайт, 8К – бұл 1080 р сапасындағы таратумен салыстырғанда он алты есе көп. Сонымен бірге тарату 24 динамикасы бар surround-жүйелерін қолдайтын, 22,2 форматындағы аудиомен сүйелеменденеді.

Бүгін телекомпания J-pop жанырында өлең айтатын жапонның әйгілі әншісі Kyary Pamyu Pamyu концертінің тікелей эфирде көрсетуді бастады, 2012 жылы өткен лондондағы олимпиаданың ашылуының мұрағат жазбаларын көрсетті, сонымен қатар Сейдзи Озавы дирижердің басшылығымен Бетховен шығармалары мотиві бойынша симфониялық концерттің жазбасын көрсететін болады. NHK телеканалы 8К форматында сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін тарататын болады. Жапонияда осындай форматтағы телесигналды қабылдайтын құралдардың болуынан, NHK халықтың таңғажайып сападағы бейнелерді тамашалауы үшін арнайы үлкен экрандарды барлық мемлекет бойынша орнатып қойды. Одан кейін аталған форматты көрсететін құралдарда сатылымға түсетін болады.

Жақын арада телекомпанияРиодағы олимпиада ойындарының 8К трансляциясын бастайды, осындай сипаттағы телевизиондық контентке қызығушылық көп болатыны сөзсіз. Қазіргі кезде 4К форматындағы теледидарлар көптеген адамдарда жоқ. Бірақ NHK телекомпаниясы үшін тосқауыл болып табылмайды, өйткені компания жаңа технологияларды ілгерілетіп отырады. Мысалы, компания HD форматындағы таратуды 80-ші жылдары бастаған болатын.

 

Ақпарат көзі: http://hi-news.ru/entertainment/yaponskaya-telekompaniya-nhk-pervoj-v-mire-nachinaet-veshhanie-v-formate-8k.html