Posted on

Қазақстан-Израиль бизнес-форумы

img_2982

2016 жылдың 14 желтоқсанында Астана қ. Қазақстан-Израиль бизнес-форумы болды, оған екі елдің іскерлері мен ресми өкілдері қатысты. Форум шеңберінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Вице-министр Бибігүл Амангелдіқызы Асылова атынан және «YR-Mitrelli» компаниясы, Президент Хаим Таиб және Атқарушы Директор Йосеф Рафаелов атынан өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандум мақсаты израль университеттерінің білім беру әдістемелерін және технологияларын пайдалану арқылы инновациялық технологиялар саласында қолданбалы бакалаврдың жоғары білікті жұмысшы мамандарын дайындау жөніндегі колледж енетін біріккен қазақстан-израиль инновациялық технологиялар орталығын құру бойынша жобаны жүзеге асыру.

Аталған форум шеңберінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Сағат Әкімжанұлы Аппаев пен Globisens компаниясының Вице-президенті Алексей Хамидуллин арасында кездесу өтті.