Posted on

Біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін бағалау және мониторинг жүргізу

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыың басшылары мен инженер-педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру шеңберінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 31.10.2016 ж.-11.11.2016 ж. аралығында өткен біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін бағалау және мониторинг жүргізді.

Инженер-педагог қызметкерлерінің (ИПҚ) біліктілігін арттыру курстарының тиімділігін бағалауды «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 10 базалық колледждерінің 558 басшылары мен ИПҚ өтті: «Көкшетау қ. Жоғары колледжі» МКҚК, «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК, «Ақтөбе политехникалық колледжі» АҚ, «Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» МКҚК, «Теміртау политехникалық колледжі» КМҚК, «Қостанай политехникалық колледжі» КМҚК, «Жамбыл политехникалық колледжі» МКҚК, «Шымкент аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК, «И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК, «Маңғыстау политехникалық колледжі» МКҚК».

10 базалық колледжде жүргізілген біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін бағалау, талдау және мониторинг жүргізуге бағытталған зерттеулер шеңберінде:

  • инженер-педагог қызметкерлерінің өзіндік мүмкіндіктеріне деген сенімділік;
  • өткізілген оқу бағдарламаларына қанағаттану мен 2015 жылға арналған дамуды бағалау;
  • ИПҚ ішкі рейтингі (жетістіктері) мен оқыту сапасының көрсеткіштері талдау;
  • колледждердің оқытушыларынан күткен нәтижелері және оқыту мен оны ары қарай дамыту бойынша пікірлерін алу арқылы кері байланысты орнату өлшемдер жүргізілді.

 
img-20161118-wa0018 img-20161122-wa0002