Posted on

Қашықтықтан оқыту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 24 күні «Talap» КЕАҚ-ның Оқу-тренингтік орталығы тікелей эфирде ТжКБ ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қашықтықтан оқыту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану» тақырыбында вебинар өткізді.

Іс-шара алдында педагогтер қашықтықтан оқыту кезінде колледждерде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолданудың проблемалық аймақтарын анықтау үшін сауалнамадан өтті. Вебинар пікірталас алаңы форматында өткізілді, онда қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып бағалау жүргізуге арналған нормативтік құжаттар көрсетілді, жүргізілген сауалнама нәтижелері талқыланды.

Спикерлер ретінде «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренерлері және Шымкент қаласы колледждерінің педагогтері Шамшиметов З.Ф. пен Баумуратова Д.Б. өз тәжірибелерімен бөлісті. Диалог барысында вебинар қатысушыларының сұрақтарына жауаптар берілді.

Вебинар жазбасын келесі сілтеме бойынша көруге болады https://www.facebook.com/100004566362481/videos/1832825240213004/