Posted on

Қашықтықтан оқыту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану

«Talap» КЕАҚ-ның Оқу-тренингтік орталығы үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 24-күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16:00-де «Talap» КЕАҚ ресми Facebook парақшасында тікелей эфирде «Қашықтықтан оқыту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану» тақырыбында вебинар өткізеді.

Осы іс-шара шеңберінде ТжКБ ұйымдарының педагогтері сұхбаттасу алаңында қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану ерекшеліктерін талқылайды және осы бағалау жүйесін қолданудағы өз тәжірибелерімен бөліседі.