Posted on

Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесін ұйымдастыру тәжірибесін қорыту

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту сапасын арттыру мақсатында мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ТжКББ мазмұнын жаңарту департаменті Павлодар, Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Қостанай облыстарының Оқу-әдістемелік кабинеттерімен бірлесіп «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесін ұйымдастыру тәжірибесін қорыту» тақырыбы бойынша онлайн-вебинар өткізді.

Аталған вебинарда қашықтықтан оқыту жағдайында перспективалы ақпараттық технологиялар ретінде электронды оқу құралдарын, бейне сабақтарын құру және онлайн-қызметтерді пайдалану мәселелері қарастырылды.