Posted on

Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу сабақтарын өткізу кезінде Google Jamboard сервисін практикалық қолдану

Бүгін «Talap» КЕАҚ-ның Оқу-тренингтік орталығы тікелей эфирде ТжКБ ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу сабақтарын өткізу кезінде Google Jamboard сервисін практикалық қолдану» тақырыбында онлайн конференция өткізді.

Аталған іс-шарада педагогтерге ең тиімді бес виртуалды тақтаның функциялары мен ерекшеліктері таныстырылды, Google Jamboard сервисін оқу сабақтары кезінде пайдалану бойынша толық нұсқаулар берілді, сонымен қатар осы сервисті қолдану арқылы физика және ағылшын тілінің элементтері қосылған информатика сабақтарынан үзінділер көрсетілді.

«Талап» КЕАҚ штаттан тыс тренері және «Павлодар ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы – Жакупова Айнұр Сағадатқызы спикер ретіндегі өзінің тиімді тәжірибесімен бөлісті.

Конференция жазбасын келесі сілтеме бойынша көруге болады www.facebook.com/100004566362481/videos/1829401383888723/