Posted on

Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу сабақтарын өткізу кезінде Google Jamboard сервисін практикалық қолдану

«Talap» КЕАҚ-ның Оқу-тренингтік орталығы үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 20-күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11:00-де «Talap» КЕАҚ ресми Facebook парақшасында тікелей эфирде «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу сабақтарын өткізу кезінде Google Jamboard сервисін практикалық қолдану» тақырыбында онлайн конференция өткізеді.

Аталған іс-шараның мақсаты ТжКБ ұйымдарының педагогтерін онлайн-тақтамен жұмыс жасауға және оны білім беру процесінде қолдануға үйрету үшін дамытушы білім беру ортасын құру болып табылады.