Ү.ж. 27 қарашасында «Talap» КЕАҚ «Қазақстандағы Турин процесі – 2020» зерттеу нәтижелерін қорытындылау және оның ұсыныстарын әзірлеу тақырыбы бойынша онлайн-дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға ҚР ЕХӘҚМ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ, 17 өңірлік білім басқармаларының, әдістемелік орталықтардың және облыстар мен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары колледждерінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде келесі мәселелер талқыланды:
– Колледждердің оқу үрдісіне модульдік-құзыреттілікке негізделген әдісті енгізу бойынша жүргізілген талдау нәтижелері;
– «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2016-2019 жылдар аралығында ТжКБ ұйымдарының оқытушылары мен басшыларына өткізілген біліктілікті арттыру курстарының тиімділігінің нәтижелері;
– ҚР ТжКБ жүйесін жетілдіруге бағытталған Турин процесі аясында әзірленген ұсынымдар жобасы.
Дөңгелек үстелде талқыланған ұсыныстар мен толықтырулар зерттеу қорытындылары бойынша есептер мен ұсынымдарда ескерілетін болады.