Posted on

«Орталық Азияда қашықтықтан және цифрлық оқыту: білім беру қалай ұйымдастырылған?»

Ү.ж. 26 қарашасында Еуропалық білім беру қоры «Орталық Азияда қашықтықтан және цифрлық оқыту: білім беру қалай ұйымдастырылған?» семинарының екінші сессиясын өткізді.

Семинарда ҚР БҒМ, «Talap» КЕАҚ, өңірлік білім басқармаларының өкілдері және Орталық Азия елдерінің басқа да мүдделі тараптары ТжКБ жүйесіндегі қашықтықтан оқытуды дамыту бойынша халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

Жұмыс барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Латвия және Эстония елдерінің қатысушылары қашықтықтан оқыту барысында туындаған проблемалық жағдайларды шешу тәжірибелерімен бөлісті.