Posted on

«Worldskills – кәсіби біліктіліктің сапасын арттырудың жолы» тақырыбындағы облыстық онлайн-семинар

2020 жылдың 26 қараша күні Жамбыл облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен №9 Меркі колледжінде онлайн режимде «WorldSkills – кәсіби біліктіліктің сапасын арттырудың жолы»  тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарға облыстағы  колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері, БАҚ өкілдері, сонымен қатар WorldSkills чемпионаттарының жеңімпаздары қатысып, оның ішінде өз кәсіптерін ашқандары тәжірибелерімен бөлісті.