Posted on

«Түлектерді даярлау жүйесінде демонстрациялық емтиханды енгізу» тақырыбында облыстық онлайн-семинар

2020 жылдың 19 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде Zoom платформасы арқылы «Түлектерді даярлау  жүйесінде демонстрациялық емтиханды енгізу» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті. Іс-шараға облыстағы  колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Семинарда WorldSkills стандарттары бойынша студенттердің практикалық дағдыларын сапалы және кешенді бағалауға бағытталған демонстрациялық емтиханды ұйымдастырудың жолдары талқыланды.