Posted on

Швецияның Гётеборг қаласында өтетін EuroSkills халықаралық чемпионатына Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамының қатысуы

WorldSkills – бұл дүниежүзінің 76 мемлекеті қатысатын халықаралық қозғалыс. Оның басты мақсаты жұмысшы мамандықтарының дәрежесін арттыру және дәріптеу болып саналады. WorldSkills қозғалысы, сонымен қатар EuroSkills жастарды жұмысшы мамандығын меңгеруге тартады және әлемдік аренада еліміздің мамандарына алған кәсіптік дағдылары мен құзіреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
2016 жылдың 12-15 қыркүйек аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірігіп ұйымдастырған WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді. 2016 жылы Қазақстан Республикасы халықаралық чемпионатының мүшесі болды және Швецияның Гётеборг қаласында өтетін EuroSkills чемпионатына жолдама алды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жұмысшы мәртебесін арттыру және жалпы еңбек қоғамын құру бойынша тапсырмасын орындау мақсатындағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде іс-шара жүргізілді.
Ұлттық чемпионат нәтижесінде құрылған Ұлттық құрам мүшелері EuroSkills халықаралық чемпионатына «кірпіш қалау», «құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары», «плиткамен қаптау», «дәнекерлеу жұмыстары», «электр монтаждау жұмыстары» 5 құзыреттілік бойынша қатысады:
Қазақстан атынан чемпионатқа 5 қатысушы қатысады:
Үшкемпіров Жақсылық Маратұлы («Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі» ҚМУ, Қарағанды обл.) –«Кірпіш қалау» құзыреті;
Матаев Алмаз Қалымтайұлы («Тұран-Профи» қала шаруашылығы колледжі, Астана) – «Дәнекерлеу жұмыстары» құзыреті;
Хабатай Айбек Әубәкірұлы («Құрылыс колледжі» КМҚК, ШҚО) – компетенция «Кірпіш қалау»;
Смирнов Евгений (Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі, СҚО) – «Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары»;
Орынбай Саламат Сәрсенғалиұлы (ГККП «Алматы энергетика және электрондық технологиялық мемлекеттік колледжі», Алматы) – «Электр монтаждау жұмыстары».
Қатысушыларды EuroSkills халықаралық чемпионатына дайындау шеңберінде ҚР Ұлттық құрамы мүшелеріне арналған қазақстандық тренинг лагері ұйымдастырылды.
Халықаралық чемпионатқа 28 қатысушы мемлекет қатысады. Оның салтанатты ашылуы 2016 жылғы 30 қарашада өтеді.
Байқау бөлімі 2016 жылдың 1-3 желтоқсан аралығында өтеді. Халықаралық чемпионаттың салтанатты жабылуы 2016 жылғы 4 желтоқсанда өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі жауапты адамдармен хабарласыңыздар:
1) Рысбетова Назым – эл. пошта nrysbetova@tvet.kz +77752089439.
2) Орынғали Риза – эл. пошта roryngali@gmail.com +77028524884 – Гетеборг қ. өтетін халықаралық чемпионат бағдарламасын анықтау және түсірілімді ұйымдастыру сұрақтары.