Posted on

«Орталық Азияда қашықтықтан және цифрлық оқыту: білім беру қалай ұйымдастырылған?»

«Talap» КЕАҚ ү.ж. 18 қарашасында Еуропалық білім беру қорымен өткізілген «Орталық Азияда қашықтықтан және цифрлық оқыту: білім беру қалай ұйымдастырылған?» онлайн-семинарына сүйемелдеу жүргізді.

Онлайн-семинарға Орталық Азия елдерінің ТжКБ директорлары, директорларының орынбасарлары, оқытушылары мен студенттері қатысты.

Семинарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің қатысушылары қашықтықтан және цифрлық оқыту форматын талқылап, сонымен қатар тәжірибелерімен және оқыту барысында туындаған проблемалармен бөлісті.

Талқылау нәтижелері ү.ж. 26 қарашасында ҚР БҒМ, өңірлік білім басқармаларының өкілдері және Орталық Азия елдерінің басқа да мүдделі тараптарымен өтетін осы семинардың екінші сессиясында қолданылатын болады.