Posted on

WorldSkills Kazakhstan cарапшыларын оқыту бойынша!

«Talap» КЕAҚ WorldSkills қозғалысын дамыту Департаменті Атырау облысының 43 WorldSkills Kazakhstan сарапшыларына арналған  онлайн режимде оқыту семинарын өткізді.

Семинар шеңберінде өңірлік чемпионатқа қажет құжаттамаларды  қалыптастыру бойынша сұрақтар талқыланды (техникалық сипаттама, инфрақұрылымдық парақ, конкурстық тапсырмалар және бағалау критерийлері, CIS жүйесін пайдалану), сондай-ақ оқу үрдісінде WorldSkills талаптарын қолдану бойынша практикалық нұсқаулық берілді.