Posted on

ТжКБ жүйесі педагогтерінің біліктілігін арттыру

«Talap» КЕАҚ Оқу-тренингтік орталығы ТжКБ ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде ағымдағы жылдың тамыз айынан курстық оқыту өткізуде. Бүгінгі күні 3058 колледж педагогтері оқытудан өтті.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтерін оқыту үстіміздегі жылдың жылғы 27 қарашасына дейін жалғасады.
Сіздердің назарларыңызға онлайн форматтағы курстық оқытудың фрагменттері бар бейнероликті ұсынамыз.