Posted on

Жұмыс орнында оқыту мәселелеріне арналған «Шығыс әріптестігі» елдерінің кәсіптік білім беру өңірлік форумына Қазақстанның қатысуы

Жұмыс орнындағы оқыту Еуропалық Одақтың, оған мүше мемлекеттердің және Еуропалық білім беру қорының көптеген серіктес елдерінің кәсіптік білім беру және оқыту саясатындағы негізгі басымдық болып табылады.

2020 жылдың 28 қазанында «Talap» КЕАҚ өкілдері Еуропалық білім беру қоры ұйымдастырған онлайн вебинарға қатысты.

Вебинар барысында Қазақстан, Әзірбайжан, Беларуссия, Молдова, Грузия, Украина және Армения елдерінің өкілдері кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін жұмыс орнында оқытуды дамыту тәжірибесімен бөлісті, қатысушыларды өз елдерінде 2021 жылға арналған жұмыс орындарында оқытудың негізгі басымдықтарымен таныстырды.