Posted on

Оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи жүйесі

«Talap» КЕАҚ Оқу-тренингтік орталығы «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері» тақырыбы бойынша ТжКБ жүйесінің педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасын әзірледі.

Бағдарлама өзекті педагогикалық мәселелерді шешуге, оқыту нәтижелерін бағалауды кадрларды даярлау жүйесінің міндеттері мен мақсаттарына сәйкестендіруге, педагогтерге оқу нәтижелері деңгейінің критерийлері мен өлшемдерін үйретуге бағытталған.

Курс барысында тыңдаушылар жағдаяттық мәселелерді (кейс-стади) шешу дағдыларын жетілдіруге, практикалық тренингтерге қатысуға, әртүрлі білім беру платформаларынан тапсырмалар жиынтығын орындауға, тренердің көмегімен Блум таксономиясына сәйкес критериалды бағалау бойынша тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алды.

Бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша ТжКБ жүйесінің 685 педагогы біліктілігін арттырды. Бұл бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстары үстіміздегі жылғы қараша айының 26-на дейін еліміздің барлық аймақтарында жалғасады.