Posted on

WSI Бас ассамблеясы

Ағымдағы жылдың 13 және 14 қазанында WorldSkills Халықаралық Бас Ассамблеясының отырысы өтті, оған Қазақстаннан делегаттар қатысты. Бас ассамблея WorldSkills Kazan 2019, WorldSkills Shanghai 2021-ге дайындық туралы есептерді тыңдады. Мүше елдердің дауыс беруімен Стратегиялық комитеттің жаңа мүшелері сайланды. Барлық мүшелердің бірауызды шешімімен WorldSkills International жаңа президенті – Крис Хамфрис (Ұлыбритания) сайланды. WSI Конституциясына және Чемпионат ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. WorldSkills International бірауыздан 3 жаңа елді қабылдады:

  • Өзбекстан (83)
  • Әзірбайжан (84)
  • Гана (85).

3 компания WorldSkills жаһандық серіктестер қатарына қосылды:

  • Amazon web services Educate (серверлік құралдармен қамтамасыз ету)
  • Unreal Engine (компьютерлік ойындар жасауға арналған бағдарламалық жасақтама)
  • John Bean (автомобильдерге қызмет көрсетуге арналған жабдықтар өндірісі)