Posted on

ТжКБ жүйесі педагогтерінің біліктілігін арттыру

«Talap» КЕАҚ Оқу-тренингтік орталығы ТжКБ ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде ағымдағы жылдың 12-23 қазан аралығында 1083 тыңдаушыны қамтитын курстық оқытудың 5-ші кезеңін өткізуде.

Біліктілікті арттыру курстары өзекті және сұранысқа ие «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын басқару», «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері», «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процесінің негізгі аспектілері мен шарттары» және т.б. бағдарламалар бойынша онлайн форматта өткізілуде.