Posted on

«БОЛАШАҚТЫҢ ИНЖЕНЕРЛЕРІ» ЖОБАСЫ

2Қазақстан Республикасының білімін 2011-2020 жылдар аралығында дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ «Синергия» ғылыми-білім қоры» Қоғамдық Қорымен (SYNERGY) бірге «Болашатың инженерлері» жобасын сәтті іске қосты.
«Болашақтың инженерлері» жобасы – бұл өсіп келе жатқан ұрпақты алдыңғы қатардағы инженерлік технологияға оқыту және оларды оқытудың бастапқы кезеңінде техникалық салаға тарту.
Білім алушылар оқу процесі мен қосымша білім алу шеңберінде инженерлік істі меңгереді. Бағдарламаны РТС (АҚШ) корпорциясы әзірледі, бағдарлама дүниежүзі бойынша қолданылады. Жоба мақсаты экономиканың техникалық мамандарға деген қажеттілік проблемасын шешу үшін инженерлік мамандықтарға үздіксіз оқыту жүйесін құра отырып, Қазақстанда техникалық білім сапасы мен инженер кәсібінің мәртебесін арттыру болып табылады.
Бағдарлама оқушыларды алдыңғы қатардағы технологияларға – 3D жобалау мен моделдеуге оқытуды қарастырады. Жоба шеңберінде «Синегерия» ҒБҚ» Қоғамдық Қоры 10 базалық колледжге және «APEC Petrotechnic» жоғары колледж» ЖШС-не 3D моделдеу бойынша САПР Сгео 2.0 лицензиялық бағдарламасын тегін берді, ол өз кезегінде жастар мен білім алушылардың кәсіби дамуына септігін тигізеді, сонымен қатар тұрғындардың жалпы технологиялық сауаттылығын арттырады.
Лицензиялы бағдарламалық қамтамасыз етуді алған колледждердің арнайы пән оқытушылары, дербес дамуға арналған пайдалы сілтемелерге және оқыту видео-роликтері бар «Болашақтың инженерлері» жобасын пайдалануға рұқсат алды.