Posted on

WorldSkills Kazakhstan cарапшылары үшін оқыту!

«Talap» КЕAҚ WorldSkills қозғалысын дамыту Департаменті ү.ж. жылдың 22 – 25 қыркүйек күндері Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстарының 164 WorldSkills Kazakhstan сарапшыларына арналған  оқыту семинарларын өткізді.

Семинарлар шеңберінде өңірлік чемпионатқа қажет құжаттамаларды  қалыптастыру бойынша сұрақтар талқыланды (техникалық сипаттама, инфрақұрылымдық парақ, конкурстық тапсырмалар және бағалау критерийлері). Сонымен қатар халықаралық талаптарға сәйкес практикалық қолдану үшін CIS жүйесін пайдалану бойынша нұсқаулық берілді (CIS – WorldSkills чемпионаттары кезінде ақпараттарды талдауға арналған арнайы бағдарламалық жасақтама).