Posted on

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: «Ғылым және практика: техникалық және кәсіптік білім берудің инновациялық даму тәжірибесі»

2020 жылдың 24 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және коммуникация жоғары колледжі ұйымдастырған «Ғылым және практика: техникалық және кәсіптік білім берудің инновациялық даму тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға «Talap» КЕАҚ қатысты.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының үздіксіз педагогикалық білім беру орталығының, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Talap» КЕАҚ өкілі сарапшы болған «Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңғырту» №1 секциясында О.В.Быкова (Санкт-Петербург) және Б.А.Сейдахметова (Нұр-Сұлтан қ.) 1-орынды иеленді.

В секции №1 «Модернизация содержания технического и профессионального образования», где экспертом была представитель НАО «Talap», 1 место заняли Быкова О.В. (Санкт-Петербург) и Сейдахметова Б.А. (г. Нур-Султан).