Posted on

Техникалық және кәсіптік білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін енгізу

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқу үрдісін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік-нұсқаулық ұсынымдарға сәйкес 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі енгізілуде.

Осыған байланысты, «Talap» КЕАҚ ТжКБКБ мазмұнын жаңарту департаментінің директоры Ж.Қ. Далабаев техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне одан әрі тарату үшін өңірлердің оқу-әдістемелік кабинеттерінің мамандарына онлайн-семинар өткізді.

Сонымен қатар осындай семинарлар Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстары оқу орындарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлері үшін өткізілді.