Posted on

WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтихан

Қазіргі уақытта «Talap» КЕАҚ ТжКБ ұйымдарына WorldSkills стандарттарын ескере отырып демонстрациялық емтихан өткізу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуде. Осыған орай «Talap» КЕАҚ сайтында демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар орналастырылған.

Ү.ж. бірінші жартыжылдығында 23 колледжде 284 оқушыны қамтыған демонстрациялық емтихандар өткізіліп, нәтижелері бойынша студенттерге Skills-паспорттар берілді.

Осы жылдың соңына дейін тағы 12 ТжКБ ұйымдарында демонстрациялық емтихандар өткізу жоспарланған. Осыған байланысты келесі ТжКБ ұйымдарына консультациялық-әдістемелік көмектер көрсетілуде:

  • «Электротехникалық колледж» КММБК
  • «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ
  • «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КММБ
  • Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі
  • И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі
  • Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі
  • «Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ КМК
  • Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі
  • «Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК
  • Орал политехникалық колледжі
  • Орал ақпараттық технологиялар колледжі
  • Атырау қызмет көрсету колледжі