Posted on

WorldSkills Kazakhstan Шығыс Қазақстан облысының сарапшылары үшін оқыту

«Talap» КЕAҚ WorldSkills қозғалысын дамыту Департаменті ү.ж. жылдың 8 – 11 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысының 48 WorldSkills Kazakhstan  сарапшыларына арналған 2 оқыту семинарын өткізді.

Семинарлар шеңберінде өңірлік чемпионатқа қажет құжаттамаларды қалыптастыру бойынша сұрақтар талқыланды (техникалық сипаттама, инфрақұрылымдық парақ, конкурстық тапсырмалар және бағалау критерийлері). Сонымен қатар практикалық қолдану үшін CIS жүйесін пайдалану бойынша нұсқаулық берілді (CIS – WorldSkills чемпионаттары кезінде ақпараттарды талдауға арналған арнайы бағдарламалық жасақтама).