Posted on

«Жас маман» жобасының іске асырылу барысы

Үстіміздегі жылдың 10 қыркүйек күні «Talap» КЕАҚ-ның Президенті С.С. Құрманбекова Нұр-Сұлтан қаласының Политехникалық колледжіне барып, «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған құрал-жабдықтарды көрді.

Жоба аясында колледжге республикалық бюджеттен 323 млн теңге бөлінген. Бүгінгі таңда колледжге 210 млн теңгеге құрал-жабдықтар жеткізіліп, орнатылған. Ү.ж. қыркүйек айының соңына дейін тағы да 36 млн теңгеге құрал-жабдықтар әкелінеді.

С.С. Құрманбекова колледж басшылығымен, арнайы пән мұғалімдерімен және өндірістік оқыту шеберлерімен әңгімелесті. Олар алынған құрал-жабдықтардың кәсіби маман даярлауға үлкен мүмкіндік беретіндігін қуана жеткізді.

4 мамандық бойынша құрал-жабдықтардың жеткізушілері тарапынан арнайы пән мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлері үшін құрал-жабдықтарды қолдану бойынша арнайы оқу жүргізіліп, сертификаттар берілген.