Posted on

Онлайн режимде оқыту арқылы педагогтердің біліктілігін арттыру

ТжКБ ұйымдары педагогтерінің кәсіби деңгейін көтерудің тиімді формаларының бірі – біліктілікті арттыру курстарын өткізу.

«Talap» КЕАҚ Оқу-тренингтік орталығы ТжКБ жүйесі педагогтерінің біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде ТжКБ жүйесінің педагогтерін оқыту бойынша жұмыс жүргізуде.

2020 жылы ТжКБ жүйесінің 5200 педагогтерін оқыту жоспарланған, оның ішінде 300 басшылар құрамы.

Елдегі және әлемдегі пандемия жағдайына байланысты біліктілікті арттыру курстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 4 мамырдағы №175 бұйрығына сәйкес бекітілген білім беру бағдарламалары бойынша онлайн режимде өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 3 тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында еліміздің барлық өңірлерінен 1649 тыңдаушылар келесі бес білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті:

1) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын басқару;

2) Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтері мен әдіскерлерінің кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру;

3) WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері;

4) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процесінің негізгі аспектілері мен шарттары;

5) Арнайы пәндерді (модульдерді) CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS моделін қолдана отырып ағылшын тілінде оқыту.

Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары модульдерді меңгеру нәтижелері бойынша топтық немесе жеке жобаларын орындап қорғады, рефлексиялық жазбалар жүргізді. Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын тыңдаушылар толық игерді, оқу қорытындысы бойынша 1649 сертификаттар табысталды.

Мемлекеттік тапсырма аясында біліктілікті арттыру курстары ағымдағы жылдың 27 қарашасына дейін жалғасады.

Оқытудың күтілетін нәтижелері – инновациялық, тиімді идеялар мен практикалық тәжірибе алмасу, педагогтер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, жаңа біліммен байыту, педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ететін құзыреттіліктерді игеру процесін белсендіру.

Курсы повышения квалификации в рамках реализации государственного задания продолжаться до 27 ноября текущего года.

Ожидаемые результаты данного обучения определяются как активизация процесса расширения сотрудничества между педагогами, обмен инновационными, эффективными идеями и практическим опытом, обогащение новыми знаниями, приобретение компетенций, способствующих профессиональному развитию педагогов.