Posted on

ТжКБ педагогтері онлайн форматта өз біліктіліктерін арттыруда

«Talap» КеАҚ Оқу-тренингтік орталығы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығымен бекітілген білім беру бағдарламалары бойынша ТжКБ ұйымдарының оқытушылары үшін онлайн форматтағы курстарды ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруда.
17-28 тамыз аралығында 787 мұғалім түрлі интернет-ресурстар мен оқу платформаларын қолдана отырып, біліктіліктерін арттырады. Олардың ішінде, атап айтқанда, 151 әдіскер мен колледж оқытушылары «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтері мен әдіскерлерінің кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру» бағдарламасы бойынша, 81 оқытушы – «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процесінің негізгі аспектілері мен шарттары» бағдарламасы бойынша,113 мұғалім – «Арнайы пәндерді (модульдерді) CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS моделін қолдана отырып ағылшын тілінде оқыту» бағдарламасы бойынша оқытылуда.
Бұл тренингтен күтілетін нәтижелер педагогтер арасындағы практикалық тәжірибе мен инновациялық идеялармен алмасу, жаңа білімдерді байыту, кәсіби дамуға ықпал ететін құзыреттіліктер алу болып табылады.