Posted on

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Секциялық отырыс аясында №1 пікірталас алаңының тақырыбы «Академиялық дербестікке өту жағдайында ТжКБ мазмұны»атты өзекті мәселесіне арналады. Өтетін күні – 12 тамыз, уақыты – 9.30 – 12.30.
Пікірталас алаңының жұмысына аймақтардағы білім беру басқармаларының ТжКБ бөлімдерінің жетекшілері, «Talap» КеАҚ өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу, оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, облыстық әдістемелік кабинеттердің жетекшілері, ОӘБ төрағалары, «Атамекен» ҚР ҰКП, жұмыс берушілер қатысады.
Пікірталас алаңында Фолькуниверситетінің (Швеция) кәсіптік білім беру және оқытуда EQAVET сапасын қамтамасыз ету жүйесін ендіру жөніндегі Еуропалық комиссия тобының жетекшісі Али Рашиди EQAVET+ PRACTIC Еуропалық Одақтың сапалы кәсіптік білім беру жүйесі туралы сөз сөйлейді. Сондай-ақ білім беру бағдарламаларының құрылымы, білім беру бағдарламаларының тізілімі туралы сұрақтар қарастырылады. Қашықтықтан оқытуда сандық контент және кредиттердің жинақтау жүйесіне көшу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Талқылау қорытындысында оқу үдерісіндегі жаңа бағыттарды белсенді пайдалануда білім беру ұйымдарының көмектесуі, сондай-ақ нарық және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандарды дайындауда оқытудың заманауи формалары мен әдістерін белсенді ендіруде ұсыныстар қабылданады.