Posted on

Пресс-релиз

Секциялық отырыс аясындағы №2 пікірсайыс алаңының «Дуальды оқыту: тәсілдер – инновациялар – болашағы» тақырыбы да маңызды болып табылады. Өтетін күні – 12 тамыз, уақыты – 15.00 – 16.50.
Бұл мәселені талқылау үшін «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, шетелдік серіктестер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер, Білім және ғылым министрлігінің, «Talap» КеАҚ өкілдері, директорлар кеңесі төрағалары диалог алаңында кездеседі.
Алдағы талқылауда отандық жетістіктермен қатар шетелдік тәжірибесі қараластырылатынын ескеретін болсақ, ол ерекше қызықты болатынына күмән жоқ. Мәселен, Еуропалық Білім қорының бас сарапшысы Кристин Хемшемайер дуальды оқытудың мониторингі туралы айтады. Ал Конрад Аденауэр Қорының Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм дуалды оқытуды сәтті енгізу аспектілерін ашады. Дуальды оқытуға арқылы кадр даярлаудың негізгі бағыттары барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің қатысуымен жан-жақты қарастырылуы маңызды.
Мұның бәрі платформаны барлық мүдделі тараптар, соның ішінде «Атамекен» ҚР ҰКП, халықаралық және әлеуметтік серіктестер арасында дуальды оқытуды ұйымдастырудың тиімді құралы болуына сенімдік тудырады.
Талқылау нәтижелері бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде дуальды оқытуды одан әрі дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.